ЖаңалықтарСпорт

«Шахтер» футбол клубы сербиялық қорғаушымен толықты

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы сербиялық қорғаушы Зария Ламбуличтпен келісім шартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: Sports.kz

26 жастағы Ламбулич бұған дейін сербиялық «Пролетер», «Златибор» және «Младость», беларусьтік «Шахтер», босниялық «Зринйски» және болгариялық «Бероэ» командаларында ойнаған. Қорғаушының Сербия U-21 жасөспірімдер құрамасында екі кездесуі бар. Transfermarkt порталы Ламбуличтің құнын 250 мың еуроға бағалаған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button