Шағын орталықтар ашылды

Облыста мектепке дейінгі балаларға арналған екі шағын орталық ашылды. Теміртау қаласында және Құрма ауылдық округінде.

Құрма ауылындағы мектептің жанынан ашылған «Еркетай» шағын орталығы 50 орынға шақталған. Онда қазақ және орыс тілдерінде дәріс беретін түрлі жастағы екі топ құрылған.
Шағын орталықты жабдықтауға 7 млн. теңге жұмсалған. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.
Теміртау қаласындағы 100 орынға шақталған шағын орталық №22 мектеп жанынан ашылды. Мектеп ғимаратында жөндеу жүргізілді, ол жұмыстарға 120 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Облыста мектепке дейінгі біліммен 3-6 жас аралығындағы балалардың 98%-ы қамтылған.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.