Жаңалықтар

Шаһар пейзажын ұсынды

         Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қуаныш ЕСІРКЕЕВТІҢ мерейтойлық көрмесі ашылды. Суретші 14 қарашада 70 жасқа толды.

– Бала кезінен сурет салуды сүйетін. Оның мерейтойлық көрмелері үнемі осы мұражайда ұйымдастырылып келді. Портреттер салғанды ұнатады. Көрмеде анамыздың әр жылдары салынған бес портреті ұсынылып отыр, – дейді суретшінің інісі Мейрам Есіркеев.

Қуаныш Есіркеев – танымал суретшілердің бірі. Туындыларынан айрықша дарын, жоғары шеберлік көрінеді.

Көрмеде, сондай-ақ, суретшінің осыған дейін көпшіліктің назарына ұсынылмаған жұмыстары болды. Пейзаждар мен портреттері қойылды. Сонымен қатар, индустриалды және қала, көбінесе Қарағанды шаһарының пейзаждары ұсынылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button