Жаңалықтар

Ұшқыштар костюмі – медицинада

    Енді церебральды сал ауруы мен инсульттен зардап шеккен адамдардың сауығуына мүмкіндік бар. Себебі, жүйке жүйесін оңалтуға арналған нейро-ортопедиялық костюм әзірлеген ресейлік дәрігер Валида ИСАНОВА өзінің әзірлемесін қарағандылық ребилиотолог-дәрігерлерге ұсынды.

Қазір облыс орталығының дәрігерлері жаңа бастаманы меңгеруде. Жаңа костюм церебральды сал және инсульт алған адамдардың қозғалысын үйлестіру үшін қажет. Бастама әлемдегі үздік нейрофизиологтардың қолдауына да ие болған. Жаңалық ретінде Оксфордтағы конференцияда көпшіліктің назарына ұсынылған костюмнің құны – 200-250 мың теңге.

Костюм оның шетелдік баламасынан үш есе арзан. Әр түрлі өлшемдерден тұрады. Қарағанды оңалту орталығының мамандары өздерінің емделушілері үшін осындай комбинезондарды сатып алуды жоспарлап отыр.

Валида ИСАНОВА, медицина ғылымдарының докторы:

– Костюм шапшаң ұшатын ұшақтардың ұшқыштарының киім үлгісі үшін қолданылатын арнайы матадан жасалған, нейрофизиологиялық қасиеттерге ие. Костюмдегі арнайы мата тез және айқын нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұлын және бас миының қалыпты белсенділігі есебінен  адамның дене қалыбын ұстап тұруға көмектеседі. Сол арқылы сал ауруына шалдыққан науқастардың қалаған қозғалысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button