Руханият

Ұшқыш ерлігі – ұрпаққа үлгі

Қарағанды білім бөлімінің қолдауымен Нұркен Әбдіров атындағы мектепте Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровке арналған «Қыран қазақ» қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда 5-11 сынып оқушылары бүгінгі һәм соғыс жылдарындағы ұшқыштар туралы зерттеу жұмыстарын таныстырды. Сонымен қатар, әр оқушы майдан ардагері атанған туыстары жайлы тарихи деректерді сөз етті.

Оқушылар іс-шара бағыты бойынша төрт негізгі тақырыпты қаузады. Олар «Ақиық қырандар көші», «Жеңіс жауынгері тарихы», «Мұзбалақ қырандары», «Ер­лікке тағзым». Тақырыптар мақсаты сан алуан. Мысалы, «Ерлікке тағзым» тақырыбы мектеп оқушыларының мақаласымен ашылғандай. Оқушылардың баспасөз әлемінен хабары бары айқындалды осы тұста.

Ал, «Жеңіс жауынгері тарихы» айдарында оқушылар ата-бабаларының майдан алаңында жанын шүберекке түйіп соғысқанын мақтанышпен жеткізе білді. Әскери киім киген оқушылар шеруі шара сәнін кіргізіп, олар батыр баба рухын ұлықтап, ұшқыштар туралы ұрандар мен ән-жырларды кезектесе шырқады.

Нұркен Әбдіровтің әуедегі ерлік тарихын талқылау барысында оқушылар мен ұстаздар шын деректер мен тарихи фактілерге сүйене отырып, көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға жауап іздеді.

– Расында, көп жылдар бойы Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, қазақ ұш­қышы Николай Гастеллоның ерлігін қай­талады деген тұжырым үстемдік құ­рып келді. Ал, соңғы жылдарда анық­тал­ған бұлтартпас деректер қазақ қаһа­рманы Нұркен Әбдіровке дейін мұн­дай ер­лік жасалмағанын айғақтады. Тіпті, Гас­теллоның экипажы ерлік жасады де­г­ен жерден капитан А.Масловтың эки­па­жының мүрделері табылып, Николай Гас­теллоның экипажы жау колоннасының үстінен «отты таран» жасамаған болып шық­ты. Ендеше екінші дүниежүзілік соғыс та­рихындағы бұл бұлыңғыр оқиғаны тарих­шылар еншісіне қалдырып, сұрапыл соғыс жылдары қаһармандық қайсарлықтың қай­таланбас үлгісін көрсеткен жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің көзсіз ерлігін Ұлы Даланың ұландарына ұлағат етуіміз парыз, – деп атап өтті мектептің оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлнар Мейрамовна.

Иә, Нұркен Әбдіров талай әуе шайқасында ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытқан бірегей тұлға. Оның өмірінің қай қырын қарасаңыз да патриоттыққа, отансүйгіштікке жетелейді. Қарапайым қазақ баласы Нұркен Әбдіровтің өмірі мен ерлігі қаһарман, қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұрған жоқ па?! Ал, жас ұрпақтың сол баба ерлігінен нәр алып, асқақ арманға қол созғаны елдіктің белгісі.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button