Үш отандасымыз өзбек боксшыларынан жеңіліп қалды

Таиланд астанасы Бангок қаласында өткен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалға шыққан отандасымыздың үшеуі өзбек боксшыларынан жеңіліп қалды. 

67 келіде Абзал Серік, 71 келіде Сабыржан Аққалықов төрешілер шешімімен өзбек боксшыларына есе жіберді. 75 келіде жұдырықтасқан Диас Молжігіт те өзбек боксшысы Алохон Абдуллаевтан айласын асыра алмады.

Бұған дейін финалға шыққан алты боксшының үшеуі алтын алтын алғанын жазған болатынбыз.

Оrtalyq.kz