Жаңалықтар

Шәмші әндерін шырқады

          Жақында Алматы қаласында ән әлемінің падишасы Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ әндерін орындаушылардың республикалық ән-би байқауы өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің Қазақстаным» байқауына қатысқан Шет ауданына қарасты Нұра жалпы білім беру мектебінің оқушылары жүлделі оралды.

Білім ошағының 10 сынып оқушысы Гүлнұр Сайлаукенова бейнелеу өнерінен бас жүлдені қанжығалап  сондай-ақ, ән айту атылымы бойынша ІІ орынды иеленді. Оған қоса, 10 сынып оқушысы Батырлан Оразбеков ән айту бойынша І орынды иеленді. Дастан Қасенқұл көркемсөз оқудан  ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшілері – Нұра жалпы орта білім беру мектебінің музыка пәні мұғалімі Нұргүл Әлібекова. «Мәңгілік Ел» идеясын ұстанған шәкірттерімнің байқауда топ жаратынына сенімді болдым дейді ұстазы.

– Шәмші әндерін орындау оңай емес. Бірақ, ұлы композитордың қай әнін алып қарасаңыз да тез жатталады. Оған қоса, кішілер де, үлкен де шырқап кетеді. Бұл байқауға оқушыларымыз барын салып дайындалды. Еңбегімізді ақтады. Сондай-ақ, өнерлі екендіктерін көрсетті. Бұл –  алдымен, облыстың және Нұра жалпы білім беру мектебінің үлкен мақтанышы,– деді Н.Әлібекова.

Сөйтіп, кеншоқылық өрендер өздеріне үміт артқан ата-аналарын бір қуантты.

Жалпы, жүрек қылын шертетін Шәмші әндерін жасөспірімдер байқауларда шабыттана шырқап жүр. Ұлы композитордың туындылары туған халқымен бірге жасап келеді. Келер ұрпақтың да рухани қазынасына айналары сөзсіз.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button