Қарағанды

Шәкірттер шабыттанды

     Жақында оқушыларға Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау мақсатында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындары арасында ХVIIІ қалалық Абай оқулары байқауы өтті.

Ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ақындардың шығармашылығын зерделеуге, дүниетанымдары мен сана – сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілген Абай оқулары үш бағытта өрбіді.

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі бойынша отызға тарта оқушы сайысқа түсті. Абай, Шәкәрім өлеңдерінен 100-200 өлең жаттаған оқушылар арасынан №92 гимназия оқушысы Нұрлан Байжұманов бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, талантты оқушы Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқып қана қоймай, актерлік шеберлігімен де тыңдармандарды тәнті етті.

Ал, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде өз шығармашылығымен қатысқан жас ақындар арасында №21 НОМ оқушысы Ұлпан Қалдалиева, Абай, Шәкәрім әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан №15 ЖББОМ оқушылары Мұнара Нарықбаева, Гулфат Құрал І орынды иемденді.

Сонымен қоса, барлық оқушылар дипломдармен марапатталып, талантымен көзге түскен талапкерлер «Өлеңді қайтіп қоярсың», «Көңілім әнді ұғады» номинацияларына ие болды.

Г.ҚАСЫМ,

№36 мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button