Жаңалықтар

Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегі

             Жақында Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағының  концерт залында поэзия өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты өлеңдеріне жазылған әндері және ақын өлеңдерін оқудан  Х  республикалық ән-би байқауы өтті.

Әр облыс, аудан, ауылдық жерлерден 500-ден аса  оқушылар қатысты. Байқау «көркем сөз», «вокал», «хореография», «қолөнер» бөлімдері бойынша ұйымдас­тырылды.

С.Сейфуллин атындағы кенттің және Жарық  орта мектебінің намысын қорғаған оқушыларымыз «Көркем сөз» номинациясы бойынша  ақиық ақынның екі өлеңін мәнерлеп оқыды. Даярлық тобының оқушысы Бекжан Бақытжан «Шеше, сен бақыттысың», «Туған жер» өлеңдерін, 8-сынып оқушысы Зарина Жанбек «Үш бақытым»,  «Көктем де келер» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде Зарина Жанбек өз тобынан оза шауып, І орын дипломымен, ал Бақытжан Бекжан  ІІІ орын дипломымен марапатталды. Оқушыларды дайындаған мұғалімдері Жанна Балғабековаға және осы жолдардың авторына дипломдар табысталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп дана Абай атамыз айтқандай ұстаз еңбегі бағаланып, оқушыларымыз биіктен көрінсе, ұстаз үшін одан артық жеңіс жоқ. Оқушыларға қолдау көрсеткен ата-аналарға да алғыс шексіз.

Жұлдыз ӘДІХАНОВА,

Жарық орта мектебі

даярлық тобының жетекшісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button