Шәңгіш
Газеттің 20 қаңтар күнгі №8 санында «Сауалына-жауабы» айдарында «Ғабеңнің биігі» тақырыбында сауалымызды жолдаған едік. Сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған – Балқаш қаласының тұрғыны Гүлшат ЖАҢАБЕРГЕНОВА.
«Жазушы Ғабит Мүсіреповті алғаш танытқан белгілі үш әңгімесін танып-білмеу мүмкін емес. Олар: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла». Осылардың ішінде «Шұғыласына» 1934 жылы әдеби бәйге берілді» делінген хатта.
***
Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.
Көне заманнан бері көп халық сирек өсетін жеміс-жидек шәңгішті қыз сұлулығының символы ретінде дәріптеп келеді. Тіпті, бұл өсімдікке Украина халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко өлеңдерін арнапты. Айтулы ұшқаттар тұқымдастарына жататын шәңгіш өсімдігі Қазақстан жерінде де тараған. Шәңгіш еліміздің қай өңірінде өседі?
Сауал сырына үңілген
Нұрдос КӘРІМ.