Руханият

Серік Ақсұңқарұлы: «Бүгін – тарихи, сындарлы сәт»

Қарағанды қаласы Күнгей шағынауданында орналасқан №795 сайлау учаскесінде қазақтың ақиық ақыны, Мемлекеттік сыйлық иегері Серік Ақсұңқарұлы дауыс берді.

“Бүгін – тарихи сындарлы сәт. Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасайды. Біз ертеңнен бастап, Жаңа Қазақстанда, өркениет төріне қарай ұмтылған, құқықтық мемлекет құратын, барды бар, жоқты жоқ деп айтатын Қазақстанда өмір сүретін боламыз.

Мен ұрпағым үшін, ұрпағымның болашағы үшін дауыс беріп тұрмын. Тарихи таңдауымды дұрыс жасадым деп ойлаймын. Заман ертеңнен 180 градуска өзгереді деп сенемін”, – дейді Серік Ақсұңқарұлы.

№795 сайлау учаскесінің төрағасы Динара Мусаеваның айтуынша учаскеге 2885 сайлаушы тіркелген. Қазіргі кезде 105 адам дауыс берді. Сайлаушылар арасында 18 жасқа енді ғана толған 64 жас тізімделген.
Сайлау учаскесінде дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орындар қарастырылды. Үйден дауыс беремін деп өтініш білдірген 1 сайлаушы бар. Ал ең үлкен егде жастағы дауыс берушіміздің жасы 85-те, – дейді комиссия төрағасы.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button