Жаңалықтар

Сенім ұялатты

    Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз ететін 10 міндетті шешуге жұмылуымыз керек деп атап көрсетті. Бұл міндеттердің барлығы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің шешімі.

Сол сияқты «Қазіргі әлемді жайлаған дағдарыс заманында не істеуіміз керек?», «Қандай міндеттерді жүзеге асыруымыз керек?» деген сұрақтарға тұщымды жауап беріп, одан шығудың жолдарын саралап берді.

Мемлекет қазiргi «Жаһандық жаңғыру» заманында экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, Жолдауда алға қойылған мемлекет алдындағы әлеуметтiк мiндеттердiң алға қойылуы бiр жағынан халықты қуантса, екiншi жағынан мемлекетiмiздiң саясатының берiктiлiгiн, тұрақтылығын көрсетедi.

«Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетінде білім саласында «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» дей келе, педагогтардың біліктілігін арттыру жолдары қайта қаралатыны, қазақ терминологиясындағы олқылықтарды қазіргі заманға сай негіздеу тәсілдері латын әліпбиіне көшкеннен кейін реттелетіні, ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту мақсатында жоғарғы оқу орны ғылымын дамыту, жас ғылымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, қолдау көрсетілетіндігі міндет етілсе, денсаулық саласында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісі күшейтілу керек деп айтылған. Оған онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру, тегін медициналық көмектің жаңа моделін әзірлеу, медициналық кадрлармен қамтамасыз ету керектігі де тілге тиек етілген. Елбасымыз әрдайым бiлiм мен денсаулық сақтау саласын әр кез өз назарында ұстайтындығын осы Жолдаудың жетінші міндетінде дәлелдеп берді.

Бақытжан ТҮСЕНОВА,

92 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button