Білгенге маржан

Сауалына – жауабы: «Сабадар» дегеніміз не?

Газетіміздің 14 наурыз күнгі №29 (22770) санына шыққан «Қоқан дегеніміз не?» деп жариялаған сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған Жаңаарқа ауданының тұрғыны – Рахат РЫСМАҒАМБЕТОВА.

Қоқан

«Балықшылық – еліміздің барлық аймағында бар десек те, Батыс Қазақстанда кең дамыған. Өйткені, теңіз маңында өмір сүретін жұрт басқаға қарағанда бұл сала жөнінде көбірек білері сөзсіз. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Алабұға, аққайраң…» атты шағын кітапшасында балықтың түрлері мен шаруашылыққа қатысты көп дерек берілген. Кітапшаның «Сирек қолданылатын сөздер» бөлімі, 19-бетте «Қоқан – шанышқы немесе қармақпен ауланған балықты желбезегінен жіпке тізіп, суға малып қою» деген дерек бар» делінген хатта.

***

Келесі сауалымызға назар аударыңыздар!

«Сабадар» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.

Back to top button