«Сарыарқада» – жаңа бапкер

Фин маманы Кари ХЕЙККИЛЯ «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Хейккиля – 58 жаста. Қарағандыға келгенше посткеңестік елдерде біраз жыл еңбек еткен. Беларусь құрамасын, Ярославльдің «Локомотивін», Магнитогорскінің «Металлургін», Нижнекамскінің «Нефтехимигін», Минск пен Риганың «Динамосын» жаттықтырған. Соңғы жылдары еліне оралып, финнің «Лукко», «Ильвес» клубтарында қызмет жасады.
Бапкер ретінде Финляндия чемпионатының жеңімпазы, күміс жүлдегері, Ресей чемпионатының күміс және қола жүлдегері, ҚХЛ чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2004 жылы «Фин хоккей лигасының үздік бапкері» атағына ие болды.
Команда тізгінін қолға алған Хейккиля алдағы маусымның әзірлігіне кірісіп кетті. Қазір фин бапкері «сарыарқалықтарды» 26-30 тамызда Петерборда өтетін В.Шилов атындағы турнирге дайындауда.
Турнирге қатысушылар қатарында «Сары­арқадан» бөлек, Жоғарғы хоккей лигасындағы Петербордың «Динамосы», Ангарскінің «Ермагы», Новокузнецкінің «Металлургі», Красноярдың «Соколы» бар.

Нұрқанат Қанафин.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.