Спорт

«Сарыарқа» – үздік жүздікте

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы көрермені көп жүз команданың қатарына енді. Бұл жөнінде Халықаралық хоккей федерациясы жариялаған тізімнен білдік.

Федерация 2017-2018 жылғы маусым бойынша еуропалық лигалардағы көрсеткіштерді сарапқа салған екен. Нәтижесінде, Жоғарғы хоккей лигасында бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп жүрген «Сарыарқа» 73-ші сатыға орналасты. Қарағандылық ұжымның әр матчына орта есеппен 4578 көрермен жиналған.

Сондай-ақ, аталған тізімде әр ойынын 16371 адам тамашалаған швейцарлық «Берн» көш бастады. Екінші орын – петерборлық «СКА-да» (11847 көрермен). Ал, үздік үштікті Минскінің «Динамосы» (11738 көрермен) түйіндеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button