Спорт

«Сарыарқа» тағы да жеңілді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңінде «Nomad Astanа» клубымен өткен қарымта ойында тағы да жеңіліп қалды.

Бұған дейін қарағандылықтар елордалықтардан сырт алаңда 7:2 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Бұл жолы да жерлестер елордалықтарға тосқауыл бола алмады.

Кездесудің алғашқы айналымында есеп ашылмады. Тек, екінші айналымда қарағандылық шабуылшы Захар Пархоменко есеп ашты. Бірақ, алаң иелері де қарап қалмады. Қатарынан үш голды тоғытып, есепте алға шықты.

Соңғы айналымда да екі голды қатар салып, есепті 5:1-ге жеткізді. Ал, қарағандылықтар тек ойынның 58-ші минутында екінші голын салды. Қос команданың алдағы уақытта тағы бір ойыны бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button