Спорт

«Сарыарқа» ірі есеппен жеңілді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіліп қалды. Сырт алаңда «Nomad Astana» клубымен кездесуде 7:2 есебімен шаң қапты.

Кездесудің алғашқы айналымы 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ал, екінші айналымда жерлестер қарсылас қақпасына бір де бір гол дарыта алмады. Бірақ, елордалықтар бұл айналымда қатарынан 3 гол салып, есепті 6:1-ге жеткізді.

Кездесудің соңғы айналымында есеп 1:1 мен тәмамдалды. Алда әлі де қарымта ойын бар.

– Әуелі, бізді қолдап келген жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Бұл жолы сүреңсіз ойын өткіздік. Алғашқыда 3 голды бірінен соң бірін өткіздік. Алғашқы айналымда бір гол салып үлгердік. Десе де одан кейін қарсылас қақпасына жасаған соққыларымыз көп болды. Бірақ, бір де бір соққы қақпаға дарымады. Астаналықтар бізден басым болды, – деді «Сарыарқа» клубының шабуылшысы Константин Двуреченский.  

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button