Спорт

«Сарыарқа» тағы да жаңа ойыншыларды қатарға қосты

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының құрамы тағы да жаңа ойыншылармен толықты.

Клуб басшылығы «Рудный» клубының шабуылшысы Константин Пальмаг, «Құлагер» қорғаушысы Ярослав Хрипковпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Ал, командадағы шабуылшы Владислав Жабунин, қорғаушы Александр Денисов, Аслан Совет пен Константин Трибунскиймен келісімшарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Бұған дейін де қарағандылық клуб бірнеше ойыншыны қатарға қосқаны жайлы жазған болатынбыз.    

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button