Спорт

«Сарыарқа» құрамы жаңа ойыншылармен толықты

«Сарыарқа» хоккей клубының қатары тағы да жаңа ойыншылармен толықты. Сонымен қатар, командадағы бірнеше ойыншы бір жылға келісімшартын ұзартты.

«Ертіс» клубының қорғаушысы Михаил Тарасов пен «Құлагердің» қорғаушысы Алексей Рыжих бұдан былай қарағандылықтардың «сары» жейдесінде ойнайды. Қос қорғаушымен бір жылдық келісімшарт жасасқан.

«Сарыарқа» клубының басшылығы қақпашы Альберт Ковальді командадан жібермеу үшін тағы бір жылдық келісімшарт ұсынған. Одан бөлек, қақпашы Жакен Ибрагимов, қос шабуылшы Андрей Медведков пен Андрей Еськов, қорғаушы Даир Алламанов сынды бірқатар ойыншылармен келісімшарт мерзімін ұзартқан.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button