Жаңалықтар

«Сарыарқа» «Соколды» жеңді

            Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасы Жоғарғы хоккей лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Өткен аптада кезекті кездесуін «сарыарқалықтар» Красноярск қаласының «Сокол» клубына қарсы өткізді.

Бірінші кезеңде алғашқы болып есепті «Сокол» командасының ойыншысы Алексей Князев ашты. Бірақ, қарағандылықтар да қарап қалмады. Даниил Ердаков және Артур Лаута қарсыластарының қақпасынан саңылау тауып, есепті еселеді. Ойынның екінші бөлігінде Константин Соколов үшінші шайбаны «Сокол» клубына дарытты. Үшінші кезеңде «Сарыарқаның» мергені Артур Сарваров  красноярлықтар қақпасына тағы да бір шайба тоғытып, ойынның нүктесін қойды. Осылайша 1:4 есебімен «Сарыарқа» командасы жеңіске жетті.

11 ақпанда «Сарыарқа» хоккей клубы Өскеменнің «Торпедосымен» кездеседі.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button