Спорт

«Сарыарқа» сан соғып қалды

Қарағандылық «Сарыарқа» ел чемпионаты аясындағы ойындары ойдағыдай болмай жүр. Өткен жолы «Алматы» клубына есе жіберсе, бұл жолы өз алаңында «Бейбарыстан» айласын асыра алмады. Бұл кездесу 2:3 есебімен атыраулықтардың пайдасына шешілді.

Суреттер: «Сарыарқа» хк әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алғашқы айналымда жалпы үш шайба салынды. Есепті алаң иелері ашқанымен, қарсыластар қарап қалмады. Қарағандылықтар сапынан Артемий Грязев 4-ші минутта есеп ашты. Одан кейін араға төрт минут салып Максим Кунишников, 17-ші минутта Степан Александров есепті еселеді.

Екінші айналымда тек қарсыластар ғана қақпадан саңылау тапты. 22-ші минутта Евгений Королинскийдің соққысы есепті 1:3-ке жеткізді.

Үшінші айналымда жерлестердің таразы басын теңестіретін сәті болды. 49-шы минутта Дмитрий Стулов есеп алшақтығын қысқартты. Бірақ, осы есеп сол күйі сақталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button