Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

«Сарыарқа саңлағы» басталды

Жақында «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасы аясында колледж студенттері арасында облыстық пікірсайыс (дебат) турнирі басталды.

Облыстық пікірсайыс (дебат) турнирі (қазақ және орыс тілдерінде) қашықтан (онлайн түрде) ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасы арқылы Американдық Парламенттік формат (American Parliamentary Debate) бойынша өтуде. Турнирге 48 команда қатысуда.

Оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау мақсатындағы турнир білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеруді көздейді.

Білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастырып, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамытады.

Талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамытады.

Аяулым Совет.

Басқа материалдар

Back to top button