Спорт

«Сарыарқа» көштен озып тұр

Хоккейден ел чемпионатының кезекті турында қарағандылық «Сарыарқа» клубы сырт алаңда ақтөбелік «Құлагер» клубын 3:4 есебімен жеңді.

Алғашқы тайм жерлестер үшін қиын болмаған сыңайлы. Ойынның 2-ші минутында есеп ашып, алға шықты. Гол авторы – Захар Пархоменко. Алайда, қарсыластар араға бес минут салып, таразы басын теңестірді. Никита Потапов өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Десе де, «Сарыарқалықтар» қатарынан екі гол салып, есепті еселеп кетті. Гол авторлары – Руслан Демин (15-ші минут), Игнат Холькин (17-ші минут).

          Екінші кезеңде «Құлагер» шабуылшысы Владимир Волков қана есеп ашты. 22-ші минутта қақпаға бағыттаған соққысы дөп кіріп, есеп алшақтығын қысқартты. Ал, үшінші кезеңде қарсылас команда қорғаушысы Егор Наместников әріптесі Никита Потаповтың берген пасын қақпаға бағыттап, таразы басын теңестірді. Алайда, ойынның аяқталуына сәл қалғанда сарыарқалық шабуылшы Константин Двуреченскийдің соққысы қақпадан табылып, команданы жеңіске жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button