Спорт

«Сарыарқа» ірі есеппен жеңді

Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңі 1/4 финалының үшінші матчында қарағандылық «Сарыарқа» сырт алаңда петропавлдық «Құлагер» клубын ірі есеппен ұтты.


Ойынның 4-ші минутында Александр Шин есеп ашты. Араға екі минут салып алаң иелері таразы басын теңестірді. 13-ші минутта алаң иелері  сапынан Владимир Волков есепті 2:1-ге жеткізді. Бұдан кейін қарағандылықтар сапынан Владислав Сайко, Александр Шин, қарсыластар сапынан Илья Камбулов гол салып, есепті 3:3-ке жеткізген.

Ойынның екінші кезеңінде 4 шайба салынды. Алаң иелері сапынан Артем Пылаев шайба салса, бұл кезеңде Александр Шин үшінші голдың авторы атанды. Сондай-ақ, Саян Данияр, Владислав Сайко ойындағы екінші голын салды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша есеп – 4:6.

Ал, үшінші кезеңде қарағандылықтар қарсылас қақпасына екі шайба тоғытып, мүмкіндік қалдырмады. Гол авторлары – Захар Пархоменко, Арсений Борисов.

Оrtalyq.kz     

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button