«Сарыарқа» есе жібермеді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясында павлодарлық «Ертіс» клубымен кездесіп, жеңіске жетті. Қос команда арасындағы екі кездесу де қарағандылықтардың пайдасына шешілді.

Алғашқы кездесу 6:1 есебімен тәмамдалды. Павлодарлықтарға алаң иелері мүмкіндік қалдырмады.

Екінші кездесу 3:2 есебімен тәмамдалды. Ойынның алғашқы бөлігінде павлодарлықтар алға шықты. Шабуылшы Диас Атаханов 17-ші минутта қақпадан саңылау тауып, таблодағы есепті өзгертті.

24-ші минутта алаң иелері таразы басын теңестірді. Шабуылшы Данил Апалковтың қақпаға бағыттаған добы дөп кірді. Араға 10 минут салып алаң қожайындары сапынан Евгений Григоренко есепті еселеді. Екі таймның қорытындысы бойынша есеп 2:1.

Үшінші айналымда павлодарлық клубтың қорғаушысы Алексей Власкин гол салып, есепті теңестірген еді. Алайда, жерлестер тарапынан Руслан Демин гол салып, тең ойынды алып шықты.

Қазіргі таңда қарағандылықтар ел чемпионатының турнир кестесінде 26 ұпаймен IV орында тұр. Ал, көш басында 38 ұпаймен – ташкенттік «Хума» клубы. Одан кейінгі сатыда 34 ұпаймен – көкшетаулық «Арлан» клубы. Үздік үштікті 26 ұпаймен елордалық «Номад» клубы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.