Спорт
«Сарыарқа» – екінші
Орынбор губернаторының Кубогінің ақтық сынында «Сарыарқа» Ор қаласының өкілі «Южный Уралға» есе жіберді.
Қарағандылықтар 47-ші минутқа дейін 0:2 есебімен басым болды. Алайда, осы минутта Репин бір шайба салып, 55-ші минутта Чугуев мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді.
Ойын овертаймға ауысты. Сөйтіп, 62-ші минутта «южныйуралдық» Кропачевтың жұлдызы жанды. Нәтижесінде, «Сарыарқа» турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.
Нұрқанат ҚАНАФИН