Жаңалықтар

«Сарыарқа» – алтыншы сатыда

    Кезекті тур шеңберінде Рязаньға барған «Сарыарқа» жергілікті ұжымға есе жіберді. «Рязань» біздің жігіттерден 4:3 есебімен басым түсті.

Ойынның 35-ші минутына дейін ресейліктер «Сарыарқа» қапасына үш шайба салып үлгерді. Репьях, Седунов және Кудрявцев мергендіктерімен көзге түсті. 3:0. Дегенмен, іле-шала «сарыарқалықтар» да айбарын танытып үлгерді. 36-шы минутта Соколов, 37-ші минутта Альшевский бір-бір шайбадан соғып, есепті 3:2-ге жеткізген-ді.

Арада екі минут өте есепті ашқан Репьях «дубль» авторы атанды. 4:2. Үшінші таймда жалғыз гол соғылды. Қарағандылық Юксеев 52-ші минутта «Рязань» қақпашысы Денисовты қапы қалдырды. 4:3.

«Сарыарқа» қазір 61 ұпаймен турнир кестесінің 6-шы сатысында. Келесі турдағы қарсыласы – «ЦСК ВВС». Ойын ертеңге белгіленген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button