Жаңалықтар

Сарбаздар ант қабылдады

Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде ант қабылдады. Бөлім алаңында өткен рәсімге әскери қызметкерлер мен сарбаздардың туыстары қатысты.

Еліміздің 4 облысынан келген жауынгерлер ел тыныштығын қалтқысыз күзетуге ант берді. Ант қабылдау рәсіміне арнайы қатысқан жауынгерлердің ата-аналары мен туыстары ұлдарының ел алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Бір айдың ішінде жауынгерлер әскери сәлемдесу мен сап түзеуге толықтай машықтанған. Сарбаздар енді шаһардың тыныштығы мен қоғамның тәртібін күзететін болады.

Шара барысында сарбаздар аз уақыттың ішінде жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Оның ішінде, әскери машықдағдыларын, қару қолдану және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button