Жаңалықтар

САРАПТАМА: су – сапасыз

   Президент іс басқармасы медициналық орталығының республикалық мемлекеттік «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының» мамандары Жезқазған қаласының тұрғындары пайдаланып отырған ыстық және суық суды сапасыз деп таныды.

«ҚазАқпарат» хабарлағандай, санитарлық-химиялық зерттеу жүргізген топтың құрамында жеті адам – төрт химик-зертханашы, фельд­шер-зертханашы, зертхана меңгерушісі және «Санитарлық-эпи­демиологиялық сараптама ор­талығының» басшысы Ерлан Қиясов бар. Тұжырымдамада «Са­раптама нәтижесі санитарлық ере­женің талаптарына сәйкес келмейді» делінген.

Бір қызығы, бұл мәлімдеме Жезқазған тұрғындарын таң қалдырған екен. «Біз сарапшыларға өзімізге емес, шенеуніктерге дә­лелдеу үшін жүгіндік. Себебі, тұр­ғындар сараптамасыз-ақ судың жа­рамсыз екендігін біліп отыр», – деді жезқазғандық белсенді Берік Жағыпаров.

Мәселені бұған дейін облыс басшылығы да қатаң сынға алған болатын. Жезқазғандықтар орталық құбыр магистралінен келетін суық және ыстық судың сегіз үлгі сынамасын елордалық сарапшыларға жіберген. Әр шөлмек қаланың түрлі аудандарынан алынған. Сараптаманы жергілікті кәсіпкер қаржыландырған. Ал, тұрғындар сол шығынның орнын толтыру үшін бес мың теңгеден қаражат жинап та үлгерген.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button