«Сарантеплосервис» ЖШС-де экологиялық құқық бұзушылықтар анықталды

Тұрғындардың өтініші бойынша «Сарантеплосервис» ЖШС-не облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында көптеген экологиялық құқық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтар болсақ төмендегідей бірқатар бұзушылықтарды анықтаған:
– Полигон аумағында залалсыздандыруға арналған құрылғы жоқ;
– Қалдықтарды сұрыптау алаңы жоқ;
– Полигонға радиоактивті қалдықтар түспеуі үшін дозиметриялық бақылау жүргізілмеген;
– Уәкілетті органға екі сағат ішінде коммуналдық қалдықтардың тұтанғаны туралы хабарланбаған.
Анықталған құқық бұзушылықтардың қорытындысы негізінде «Сарантеплосервис» ЖШС 327-1 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Берілген бұйрықтардың уақытылы орындалуы департаменттін қатаң бақылауында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.