«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Саран қаласындағы су қоймаларының жағалаулары қоқыстан тазартылды.
Сенбілікке жастар ресурстық орталығы, төтенше жағдайлар бөлімі мен еріктілер белсене қатысты.
Сонымен қатар Саран қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Қарағанды өзенінің жағасын тазалауға шығып, туған қаланың тазалығы мен әл-ауқатын сақтауға өз үлестерін қосты.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz