Бас тақырып

«Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетеді

«Самұрық-Қазына» қоры көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен тұрғындар мен өңірлерге қолдау көрсетпек. Қаржылай көмек қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы бағытталады, деп хабарлайды Ortalyq.kz sk.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: zakon.kz сайтынан

– Қазіргі кезде әкімдіктер жергілікті жерлерде қажетті көмек көлемін анықтауда. Бұл бастама Үкімет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шараларымен, бизнес өкілдері және белсенді азаматтардың көмегімен бірлесе отырып, табиғи апаттың салдарын тезірек қалпына келтіруге ықпал етеді деп үміттенеміз, – делінген хабарламада.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button