Сайлаушылар тізімінде өзіңіздің бар-жоғыңызды қалай тексеруге болады?

Қарағанды облысының тұрғындары сайлаушылар тізімінде өзінің бар-жоғын тексере алады. Ол үшін интернет немесе Senim109 бірыңғай диспетчерлік қызметіне жүгіну қажет.

Сонымен қатар sailau09.kz арнайы сайты жұмыс істейті, онда әрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куәлік нөмірі арқылы өз учаскесін таба алады. Сондай-ақ, барлық қала мен аудан әкімдіктерінің сайттарында «Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер» қосымша бөлімі қолжетімді.

Интернетке қосылу проблемалары бар адамдар 109 нөміріне қоңырау шала алады. Тек өзіңіздің ЖСН номеріңізді жазу қажет болады. Senim операторлары сайлау процедурасы бойынша жеке сұрақтарға жауап береді: мысалы, басқа қалада, ауруханада, вахтада және т. б. қалай дауыс беруге болатынына қатысты.

Сондай-ақ, барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде Call-орталықтар, сайлаушылар тізімінде азаматтарды тексеру үшін жедел желілер құрылды. Жергілікті атқарушы органның қызметкерлері өтініштерді қабылдап, мәселелерді жедел шешетін болады. Call-орталықтар мен жедел желі нөмірлері әкімдіктердің сайттарында жарияланған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, облыста 761 мыңға жуық сайлаушы тіркелген, олардың 13 мыңы алғаш рет дауыс бергелі отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.

Сall-орталықтар:

— Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі: Гоголь к-сі, 34, тел. (8-7212) 42-48-28;

— Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі: Архитектурная көшесі, 13, тел. (8-7212) 37-07-47;

— Балқаш қаласының әкімдігі: Уәлиханов көшесі, 3, тел. (8-71036) 4-26-48;

— Приозерск қаласының әкімдігі: Пушкин көшесі, 7, тел. (8-71039) 5-30-06;

— Саран қаласының әкімдігі: Жамбыл көшесі, 67, тел. (8-72137) 7-40-07;

— Теміртау қаласының әкімдігі: Тәуелсіздік бульвары, 12, тел. (8-7213) 92-32-57;

— Шахтинск қаласының әкімдігі: Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, тел. (8-72156) 5-42-40;

— Абай ауданының әкімдігі: Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3, тел. (8-73231) 4-19-78;

— Ақтоғай ауданының әкімдігі: Ақтоғай ауылы, Ә. Бөкейхан көшесі, 4, тел. (8-71037) 2-12-47;

— Бұқар Жырау ауданының әкімдігі: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39, тел. (8-72154) 2-10-30, 8-702-974-09-41;

— Қарқаралы ауданының әкімдігі: Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 23, тел. (8-72146) 3-26-66, 8-778-299-60-61;

— Нұра ауданының әкімдігі: Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, тел. (8-72144) 2-16-32;

— Осакаров ауданының әкімдігі: Осакаровка кенті, Достық көшесі, 33, тел. (8- 72149) 4-33-44, 4-12-67;

— Шет ауданының әкімдігі: Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 24, тел. (8-71031) 2-16-67, 2-16-16.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.