БалқашСайлау – 2021

Сайлау – ауылдықтардың жарқын болашағы үшін

ҚР Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ нақтырақ айтсақ «Қазақстандағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістерді енгізені ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуге жол ашты. Бұл сайлау сайлаушылардың көңілінен шығып отыр. Осы ретте Гүлшат кентінің тұрғыны Жақсылық ШОРИННЫҢ сайлау туралы ойын білген едік.

– Мен биыл өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы ауылымызға ерекше серпіліс әкелетіндігіне сенімдімін. Олқылықтарға орын бермей, жергілікті жердегі таңдау жасалуы пайдасы көп деп ойлаймын. Бұл – бірінші рет өткізіліп отырған сайлау. Бүгін кеткен кемшілік, келесіде түзетіледі. Әкімді сайлай білген жұрттың, кетіруге де құқығы бар. Сондықтан, жұртты біріктіретін, елдік жолында қызмет ететін әкімді тұрғындар өзі таңдайды. Енді, мемлекеттік билік қана емес, сол жердегі ақсақалдар, үлкендер де араласуға құқығы бар. Бұл елдегі жемқорлықтың жолын қиып, әділдіктің ақ жолын таңдайтын сайлау болмақ, – дейді ауыл тұрғыны Жақсылық Шорин.

Нұрдос КӘРІМ,

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button