Жаңалықтар
Сабақ кестесі болмайды
Мектеп оқушылары онлайн емес, қашықтан оқитындықтан, уақыты нақты белгіленген сабақ кестесі болмайды.
Интернет каналдардың жүктемесін арттырмау мақсатында төменгі сыныптар әр сабақты таңертең 10 минуттан, жоғары сыныптар түстен кейін 15 минуттан ғана оқиды.
Онлайн оқыту қашықтан оқытуды толық қамтымайтындықтан, осындай шешім қабылданған. Облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мұғалімдер оқушылармен қажет болғанда ғана кері байланыс алу үшін онлайн шыға алатынын айтады.
Мұғалімдер тапсырмаларды, пәнге қатысты сілтемелерді платформаға жүктейді. Ал, оқушылар тапсырманы өздеріне ыңғайлы уақытта орындап, кері жібереді.