Жаңалықтар

Саңлақтарға – сый-құрмет

              Қарағандылық үш спортшыға олимпиадалық стипендия тағайындалды. Мерейді асырған мақтаныштарымыздың қатарында Абылайхан ЖҮСІПОВ, Эльмира СЫЗДЫҚОВА және Мария ОВЧИННИКОВА бар.

Жуырда «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында қазақстандық 24 спортшыға олимпиадалық стипендия тағайындалды. Жалпы, «Олимпиадалық ынтымақтастық» – олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған Халықаралық Олимпиада Комитетінің Ұлттық олимпиада комитеттерінің қызметін үйлестіру бағдарламасы.

Стипендиаттарды Халықаралық Олимпиада комитеті Токио – 2020 жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы ықтимал спортшылар арасынан іріктеген. Үздік жерлестерімізге халық та зор сенім артып отырғаны мәлім.

Олар үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын Халықаралық Олимпиада комитетінен қосымша қаражат алып отырады.

Ұйымның мұндай бастамасы спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асып отыр.

– Біз стипендия алуға өтінімдерді ұлттық федерациялардан жинадық. Ұлттық олимпиадалық комитет кеңейтілген тізім құрып, оны Халықаралық Олимпиада комитетіне жіберді. Онда стипендияны тағайындауға қатысты қорытынды шешім қабылданды, – деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры Әлімжан Ақаев.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button