Жаңалықтар

Сөз қасиеті

Газеттің 4 қараша күні  №123 санында  жарық көрген «Тиектеу» сөзінің мағынасы  қандай?» деген сауалымызға оқырмандар тарапынан бірнеше жауап келді. Десек те, сауалымызға алғашқы болып дұрыс жауап берген – оқырманымыз Рахат Рысмағамбетова. Сонымен…

«Тиектеу» – қимыл атауы.

Тиегін жабу,тиекпен бекіту («тиек» – есік, терезе, қақпақ сияқты заттарды бекітіп қоятын ілгек не жылжымалы темір. Домбыраның ішегін көтеріп тұратын кішкентай кепіл ағашты тиек дейді. Сонымен қатар, биені байлағанда тиектейді.

Құрметті оқырман, келесі сауалымызға зер салыңыздар:

Ата-бабаларымыз не деген кемеңгер, не деген данышпан болған?! Аса күрделі істердің түйінін бір ғана сөзге әкеліп, осы арқылы шешімнің жолын таба білген. Бүкіл халықтың болмысын, бірлігін, мықтылығын, тектілігін мығым ұстап тұруда «А» әрпінен басталатын қасиетті төрт-ақ сөздің алатын орны ерекше екен.

Олар қандай сөздер?

  1. «А…» ұраны айтылғанда сақ елінің түкпір-түкпірінен атқа мінер азамат бірі қалмай жауға аттануға тиіс болған. Сондықтан да, ешкімнің тісі бата алмайтын мықты ел болған. Осы сөз ата Майқы би айтқан толғауда бар.
  2. «А…» деген сөз айтылса барлық ер азамат бірі қалмай атқа қонған. Ешкім бұғып қала алмаған.
  3. «А…» бұл сөз көңілге шуақ ұялататын, елдің бірлігін, ынтымағын нығайтатын, татулыққа шақыратын, ортақ мүддеге арналған иманды іс.
  4. «А…» бұл сөз ел ішінде қатаң тәртіп орнатуға бағытталған қатаң шараны білдіретін ауыр сөз. Қатты жаза, халықты тәртіппен ұстайтын әділ әдіс. Дене-сүйегіңізге таңба салды деп ондай ауылға, жекелеген отбасына қарым-қатынас жасамаған. Содан кейін бұл ауыл, не мұндай үйлер бөтен елге көшіп кетуге мәжбүр болған.

 

Сауалды жолдаған зейнеткер

Торғай БЕЙСЕКОВА.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button