Сәуірде ауа-райы қандай болады?

Сәуір айы жауын-шашынды болмақ. Сонымен қатар, жел және ауа температурасының ауытқуы күтіледі. «Қазгидромет» РМК   осындай болжам жасап отыр. Сонымен…

Айдың алғашқы онкүндігінің басында   еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде — 5+5°C, күндіз — +7+18°С болады. Оңтүстік жартысында түнде —  +5+13°C, күндіз — +15+23°С, оңтүстік өңірдің өзге аймақтарында — +28°С.

Онкүндіктің ортасына таман Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде — -3-8°С, күндіз — +2+10°C болады.

Онкүндіктің соңында елдің оңтүстік жартысына антициклон ықпал етіп, ауа температурасы төмендейді. Түнде термометр бағаны +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында күн суыта түседі. Елдің солтүстік жартысында түнде —  -3 +7°С, күндіз — +2+13°С. Оңтүстік жартысында түнде —  0, +10°, күндіз —  + 12 +22°. Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массаларының келуінен ауа температурасы күндіз солтүстік өңірлерде — +17+22°С, оңтүстік өңірлерде — +25+30°С-қа дейін жылиды.

Тағы бір айта кетергілі,  сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланады.