Ұлытау

«Сүйінші елден сұрайын…»

Сүйінші елден сұрайын шығып тауға,

Бәрі бізді асықсын құттықтауға.

Ұлыстың ұлы күні ұлытаулықтар,

Ерденді ел боп, жұрт боп ұлықтауда.

 

Жаңғыру желі бізді жылытуда,

Ұлыларды болмайды ұмытуға.

Заманында аңыз боп аты қалған –

Ерден – ерен болған ғой, ұлы тұлға.

 

Көсегесі көгеріп көргенді елім,

«Тірілтуде» өшкенін, өлгендерін.

Ұлытауға айбар беріп тұрсыншы деп

Тұлпарға мінгізді ел Ердендерін.

 

Жерлестерім, дегенмен жарап тұрсың,

Ұрпақтар бабаларын мадақ қылсын!

Тұлпарының үстінен тау тұлғамыз

Қызыға Қазағына қарап тұрсын,

…Тәуелсіздік күні, рас, ғажап күнсің!

Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ,

Ұлытау ауданының

Құрметті азаматы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button