Құрылыс саласы – берекелі белесте
Құрылыс – бұл халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қамтамасыз ететін республикадағы маңызды әлеуметтікэкономикалық ішкі жүйелердің бірі.
Құрылыста экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша Қарағанды облысында 2019 жылға жоспарланған екі нысаналы индикатор көрсеткішіне (құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі, тұрғын үйлерді қолданысқа беру) қол жеткізілді.
Статистика департаментінің жедел деректеріне сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемі Қарағанды облысында 432,7 млрд. теңгеге орындалып, 2018 жылдың көлемінен 94,3% көбейді. (2019 жылға 302,4 млрд. теңге жоспарланған, НКИ – 135%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша өңір республикада 3-ші орынды иеленіп отыр, облыс үлесіне республикалық көлемнің 9,8% тиесілі. 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 462,9 млрд. теңгеге өсіру жоспарланып отыр.
НКИ – 107%. Екінші индикаторға сәйкес, 2019 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 420 мың шаршы метрді құрайды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында барлық қаржыландыру көздері есебінен 421 мың шаршы метр тұрғын үй (3781 пәтер) пайдалануға берілді. Бұл – 2018 жыл фактісінің 101%.
Барлық іске қосылған көлемінен 36,4%-ы жеке тұрғын үйге (153,4 мың м2), 45,7% – коммерциялық (192,2 мың м2) және 17,9% – мемлекеттік тұрғын үйге (75,4 мың м2) келеді.
2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 630 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 2019 жыл деңгейінің 150% пайдалануға беру жоспарланған (шамамен 6 мың пәтер пайдалануға беріледі).
Іске қосылған көлемінен көлемінің 20% жеке тұрғын үйге (126 мың м2), 45% коммерциялық (281 мың м2) және 35% тұрғын үйге (223 мың м2) келеді. 2019 жылы республикалық және облыстық бюджеттен нысандардың құрылысына бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 19,3 млрд. теңгені құрады.
Оның ішінде:
– «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына – 10,9 млрд. теңге; – бұзылу аумағынан халықты көшіру үшін тұрғын үй құрылысына – 1,9 млрд. теңге; – әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына – 6,4 млрд. теңге; – елді мекендерге бас жоспарды жасауға – 0,50 млн. Теңге.
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен нысандардың құрылысына бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 32,6 млрд. теңге құрады. Оның ішінде:
– «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына – 16,5 млрд. теңге; – бұзылу аумағынан халықты көшіру үшін тұрғын үй құрылысына – 1,8 млрд. теңге; – әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына – 13 млрд. теңге; – жалпы сипаттағы трансферттер – 1,3 млрд. Теңге.
2019 жылы 4 әлеуметтік маңызы бар нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде:
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік нысандарын дамыту аясында Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс бөлімінің учаскелік полиция пунктінің құрылысы аяқталды;
– денсаулық сақтау нысандарын дамыту аясында Нұра ауданының Ахмет ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды;
– білім беру нысандарын дамыту аясында Теміртау қаласында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды; – спорт нысандарын дамыту аясында Абай ауданының Абай қаласында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 2020 жылға келесі нысандар бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған:
– Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде және Нұра ауданының Шахтерское ауылында отбасылықдәрігерлік амбулаториялар; – Қарқаралы қаласында «М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК үшін жатақхана;
– Қарағанды қаласы, 30-шы шағын ауданда 1200 оқушыға арналған мектеп;
– Жезқазған қаласында салынып жатқан 900 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектепті 500 оқушыға арналған Зияткерлік мектеп (НЗМ) етіп қайта салу;
– Қарағанды қаласында балалар мен жасөспірімдер сарайы;
– Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайы;
– Жезқазған қаласында 320 орындық балабақша құрылысын аяқтау;
– Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласында 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
– Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 111 зооколлекцияны бағу үшін әкімшілік-тұрмыстық кешені бар жаңа ғимараты.
Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында қоныс аударуға жататын 240 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Сәтбаев қаласының № 6 шағын ауданда 5 бес қабатты көппәтерлі үй салу жұмыстары аяқталуда. Және де 2020 жылы жаңа 4 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда: – мектеп-интернатына қосымша құрылыс (бұрынғы қыз балаларға арналған ҚТЛ мектебі) Қарағанды қаласы, Колодезная көшесі, 9;
– Саран қаласы, №4 мектепке спортзал салу;
– Қаражал қаласы, №1 орта мектепке спортзал салу;
– Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын (БҮО) салу.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және құрылыс салу жүзеге асырылады. Қарағанды облысы бойынша 442 елді мекен бар. Оның ішінде, 9 облыстық маңыздағы қала, 2 аудандық маңыздағы қала, 14 халқының саны 5 мыңнан жоғары және 417 халқының саны 5 мыңнан төмен елді мекендер бар. Қазіргі таңда 186 елді мекен, оның ішінде, 11 қала (9 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), 5 мың тұрғын санынан жоғары 14 елді мекен және 5 мың тұрғын санынан аз 161 елді мекендер жаңа бас жоспарлармен қамтылған.
Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісіліп, бекітілді. Осы жол картасына сәйкес, 2019 жылы 100 бас жоспарлар дайындалды. 2020 жылға жол картасына сәйкес, халқының саны 5 мыңнан төмен 253 елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу жоспарланған.
Тайхан ҚАЛМАХАНОВ,
Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.