Жаңалықтар

Құрылыс саласы – қарқынды

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Халқына Жолдауында құрылыста және коммуналдық секторда озық технологияларды енгізудің, құрылыста жаңа әдістерді, материалдарды қолдану, “Смарт Сити” тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу маңыздылығын атап өтті.

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті  –коммуналдық меншік нысандарын салу және қайта жаңарту, адам өмірінің толық ортасын қалыптастыру, сәулет және қала құрылысын дамыту, елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және құрылыс салу болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және құрылыс салу жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде 5 мың тұрғыннан жоғары 11 қала (9 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), 13 елді-мекендер және 5 мың тұрғыннан аз 21 елді мекен жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етілді. 2017 жылы Ақтау, Қарсақпай кенттері, Ералиев, Байдалы би, Ақтүбек, Көбетей, Ахмет, Доскей, Новоузенка, Новостройка, Байқадам, Тегісшілдік ауылдарының бас жоспарлары әзірленді.

2018 жылы Молодежный, Қушоқы кенттерінің, Сарышаған, Кеңгір, Құрылыс, Заречная, Трудовая, Талдыбұлақ, Қараағаш, Есіл, Егіндібұлақ, Жарлы ауылдарының бас жоспарларын әзірлеу көзделген.

Басқарма қызметінің тиімділігі негізгі екі критерий бойынша бағаланады: құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексі және тұрғын үй нысандарын пайдалануға беру.

Бірінші индкатор бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі – 1 %, Статистика департаментінің жедел деректері бойынша көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 108,6% құрады (168,9 млрд.теңге);

Екінші индикатор бойынша Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігімен жасалған Меморандумға сәйкес 2017 жылға тұрғын үйді іске қосу бойынша 340,0 мың шм. құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылы нысандарды салуға жіберілген қаржының жалпы көлемі республикалық және облыстық бюджеттен 30,5 млрд.теңгені құрады.

2017 жылы тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 374,1 мың шм. (3393 пәтер) іске қосылды, бұл былтырғы жылдың кезеңіне 109,8  құрайды.

2016 жылдан бастап тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша тұрғын үй құрылысын жетілдіру үшін бағалы қағаздарды шығару есебінен қаржыландыру механизмі енгізілді. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы 32,6 мың шм. кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру аясында 2017 жылы Жезқазған кенті мен оған қосылып жатқан елді-мекен тұрғындарын көшіру үшін Сәтбаев қаласында 21 тұрғын үй құрылысы аяқталды (955 пәтер, жалпы ауданы 65,7 мың шм.), жалпы ауданы 18,9 мың ш.м. екі пәтерлі 107 үй құрылысы басталды. Сондай-ақ, 2018 жылы көшіру үшін 2 жатақхана құрылысына қаржы қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті негізгі материалдар мен құралдар облыстық кәсіпорындарымен өндіріледі. Тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және сапасын қамтамасыз ету үшін Саран қаласының ірі панельді үй құрылысы зауытының жаңа технологиялары қолданылады.

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспары аясында құрылыс саласын реформалау, жұмыс жобаларының сараптамасын жеке компанияларға беру, сараптама жүргізу мерзімін 45-тен 30 күнге қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта ВІМ технологиясы – ғимараттарды ақпараттық үлгілеу, ғимараттардың үш өлшемдік үлгілерін құру, құрылысты сүйемелдеу: жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейін, бұл жобалау мерзімін 20%-ға қысқартады, құрылыс бағасын 30%-ға төмендетеді және нысанды әрі қарай пайдалануға қаржылық шығындарды 5-10%-ға азайтады.

2017 жылы 6 жоба бойынша сараптама ұйымдарынан оң қорытынды алынды: Қарағанды және Теміртау қаласында екі полиция учаскелік бөлімінің құрылысына; Қарағанды қаласында жедел медициналық көмектің 3 қосалқы станциясына жәе Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінде дәрігерлік амбулатория құрылысына.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша Қарағанды қаласында 200 керуеттік облыстық көп салалы балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр; Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында және Нұра ауданы Ахметауыл ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарланған.

Мәдениет нысандарын дамыту аясында Қарағанды қаласында көзі нашар көретін азаматтар үшін облыстық арнайы кітапхана ғимаратына әкімшілік корпусының құрылысы және Ұлытау ауылында өлкетану мұражайының құрылысы аяқталады.

Спорт нысандарын дамыту аясында 2017 жылы Қарағанды қаласында және Нұра ауданы Шахтерское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Абай қаласында жабық бассейн пайдалануға берілді, Шет ауданы С.Сейфуллин атындағы кентте 160 орынды   дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда, Абай қаласында 320 орынды дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған.

Білім беру нысандары бойынша 2017 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында 250 орынды көзі нашар көретін балалар үшін мектеп-интернат салынды, Қарағанды қаласында «Панель-Центр» және 30 шағын аудандаында 1200 орынды мектеп құрылысы, Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде 464 орынды мектеп, Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылында 80 орынды мектеп, Жезқазған қаласында 320 орынды балабақша құрылыстары жалғасуда.

Қарағанды облысы «Мемлекеттік сатып алудың қазынашылық сүйемелдеуі» жобасын іке асыруға кіретін үш облыстың ішіне кіреді.

Осы жоба аясында ағымдағы жылы Теміртау қаласында 600 орынды мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл жоба онлайн режимі бойынша мердігерге ақша аударудан бастап құрылыс материалдарын және құралдарын сатып алу, салық төлеу бюджет қаржыларының қозғалысының толық сызбасын көрсетіп отырады, бұл құрылыс сапасы мен тиімділігін арттырады.

Әлеуметтік сала нысандарының құрылысы.

2017 жылы Қарағанды қаласы Октябрь ауданында ІІБ Киров полиция бөлімінің ғимараты пайдалануға берілді, ағымдағы жылы Теміртау қаласында Оңтүстік-Шығыс учаскелік полиция бөлімінің құрылысы көзделген.

2018 жылдың маңызды шараларының бірі – Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының  20 жылдығын тойлау. Қарағанды облысы Астана қаласында салтанатты қақпадан Түркістан көшесі № 25 үйге дейін (жобалық атауы) жаяу жүргішілер бульварын көркейте отырып, «Қазақ еліне мың алғыс» монумент жобасын іске асырады.

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Б.ИСАБАЕВ,

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және

қала құрылысы

басқармасының басшысы.        

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button