Қарағанды

Рухани жаңғыру – жан дүниенің жаңаруы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жер-жерде талқылануда. Мақалада барша қазақстандықтарды қоғамда болып жатқан жаңа өзгерістерден тыс қалмауға шақырды. Қаламыздағы «Алтын сақа» балабақшасының ұжымы Елбасының мақаласын талқылап, ойларын ортаға салды.

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым», – деп атап өткен болатын Елбасы мақаласында. Рухани жаңғыру – ішкі жан дүниенің жаңаруы екенін ұмытпайық», – деп сөзін жалғастырды балабақша директоры Жанна Оспанова.

Күнде бір жаңалық еніп жатқан қоғамда жаңа заман ағымына бейімделе білуіміз керек. Ал, рухани жаңғырудың мақсаты: әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу. Осыған орай жаңарған қоғамның бүлдіршіндерін ұлттық рухта тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар рухани адамгершілік түсініктері мен ұғымдарын тәрбиелеуді білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдарға міндет етіп қойып отыр. Қоғамды жаңарту және демократияландыру үрдісінде, еліміздің тэуелсіздік алуы, біздің қоғамымыздың тарихы, этно-мәдени мұралары, халқымыздың рухани өмірінің кезінде ұмытылған құбылыстары қайтып оралуда. Сондықтан, жаңа заманға лайық санамызды жаңғыртуымыз керек. Елбасымыз айтқандай XXI ғасырға лайық саналы ұрпақ, яғни бәсекеге қабілетті болатын жастарды тәрбиелеу қажет. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» дегенін де ұмытпайық. Ол үшін заман ағымына сай жаңғыруды өзімізден бастауымыз керек, – деп түйіндеді сөзін Жанна Қайратқызы. Маңызды бастама заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуға шақырады.

Г.ТЕМІРҒАЛИЕВА,

«Алтын сақа»

балабақшасының

тәрбиешісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button