Жаңалықтар

Рухани тәрбие діни иммунитетті қалыптастырады

    Қазақстан Республикасының Президенті    Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесі және жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру» атты кездесу өткізді.  

Шараға Қарағанды жастар орталығының өкілдері, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін «Виктория»  оңалту орталығының дінтанушысы Қаршыға  Жанабаев және психолог Владимир Ромашков,  студенттер қатысты.

Кездесуде дәстүрлі емес ағымдар, зайырлы мемлекеттегі діннің, діни радикализм және экстремизмнің ықпалын болдырмау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жастар саясаты, атап айтсақ, жас қазақстандықтардың рухани және адамгершілік тәрбиесі, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері де көтерілді. Қатысушылар үшін «Дәстүрлі емес ұйымдардан діни ұйым құру» тренинг-ойыны ұйымдастырылды.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button