Руханият

Рух бесігін тербеткен

Ұлттық салт-дәстүріміздің қазыналы жақтарын Коммунистік партия шаң бастырып, тасаға тықпаласа да, тасты жарып шыққан талшыбықтай гүлдеп, саялы бәйтеректей құлпырып келе жатқан айтыс өнерінің қайнар бастауына Арқа өңірінен аламан бәйгеге үкілеп қосқан ақындарымыздың бірі – Қуаныш Мақсұтов болатын.

Қасым Орынбетов, Қуаныш Мақсұтов, Тұңғышбай Мұқан

Қуаныш – жастық албырттығымен сөз өнерінің мәйегін тамыза өмірдегі келеңсіз көріністер мен кемшіліктерді «бетің бар, жүзің бар» демей, шындықты шырқыратып айтатын ақындардың бірі. Сондықтан да, халқы оны еркелетіп, алақанында ұстады. Сахнаға шыққанда арқасы қозып, киелі өнердің «соқтықпалы-соқпақты» тұстарын жырына қосып, көсіле жөнелгенде көрермендер жүйрігін бәйгеге қосқандай атойлап кететін. Кейбір ақындар секілді өмірдің жетістігін ғана жырлай бермей, кем-кетігімізді баса жырлайтын ақын.

Ақындығымен қоса, соңғы кезде гитарасымен бард әндерін орындап жүрген әншілік қыры да бар. Қазақта ондай бард орындаушылар өте аз. Сол өнерді жалғастырушылардың бірі – біздің Қуаныш ақын.

Қуаныштың кеншілер шаһарында жүріп, ұлт руханиятын дамытуға қосқан үлесі аз емес. Осы ғасырдың басында Қарағандыда тұңғыш рет қазақша шырша ұйымдастыруды қолға алды. Маған ертегі жазғызып, қалалық шыршаны таза қазақ тілінде өткізгені шаһарлықтарға шын мәнінде үлкен қуаныш сыйлады. Ол кезде қалалық әкімшілікте қызмет ететін кезі еді. Қай жерде еңбек етсе де, ұлттық руханияттың бесігін тербетіп, халқының өнегелі дәстүрін насихаттаудан шет қалған емес. Өйткені, ол – ұлттың нағыз жанашыр азаматы.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Оrtalyq.kz     

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button