Жаңалықтар

«Рубинге» жол берді

          «Сарыарқа» хоккей клубы «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасына жол беріп қойды.

Бұл ойында қос командада тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде «сарыарқалықтар» алғашқы болып бір шайба соқса, бұдан кейін «Рубин» есеп айырмасын 2:1-ге дейін жеткізді. «Сарыарқа» тек үшінші кезеңде ғана оянғандай болды. Қарсыластар қақпасына бір мәрте шайба салып, таразы басын теңестірді. Есептері тең екі командаға қосымша уақыт берілді. Бірақ, «Сарыарқа» мүмкіндікті қолдан шығарып алды. Оңтайлы сәтті орайлы пайдаланған «Рубин» командасының сұрмергені Виталий Зотов тағы бір шайба тоғытып есепті еселеді. Қорытынды есеп 3:2.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» 4 орынға сырғыды.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button