Өрт сөндірушілер – құрмет құшағында
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде биылғы жылдың 8 маусымында Абай облысы, Батпай орманшылығы аумағында орын алған өртті сөндіруде ерлік пен кәсібилік көрсеткен өрт сөндірушілерді марапаттау рәсімі өтті.
Абай өңірінде болған тілсіз жауды ауыздықтауға қарағандылық өрт сөндірушілер де көмекке аттанып, қиын жағдайға қалған отандастарымызға қол ұшын созған болатын. Сол қиын-қыстау кезеңде ерен еңбегімен көзге түскен өрт сөндірушілерге Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Абай ауданының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Алғыс хаттары табыс етілді.
Марапатқа ие болған өрт сөндірушілер көрсетілген баға мен қолдау үшін алғыстарын білдірді.
– Сіздердің облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосар үлестеріңіз мол. Сіздер қоғамға қызмет ете отырып,басқаларды құтқару үшін әрқашан өз өмірлеріңізді қатерге тігесіздер. Бұл сіздердің кәсіби қызметтеріңіздің маңыздылығы мен құндылығының дәлелі болып табылады, – деді марапаттау рәсімінде сөз алған облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.
Марапатқа ие болған өрт сөндірушілер көрсетілген баға мен қолдау үшін алғыстарын білдірді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz