Руханият

Ұрпақ сабақтастығы

Ақпанның 3-і Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. «Ұрпақтар сабақтастығы» деп аталған көрме Облыстық бейнелеу өнер мұражайында өтті.

Көрме сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі стильдік бағыттарында ұсынылған. Шеберліктің алуан түрлі тәсілдері студент жастардың шығармашылық әлеуетінің қаншалықты өскенін көрсетеді. Идеялық мазмұны қазақтың ою-өрнегі, дала үні және шығыс мәдениетіне бағытталған.

Алдағы уақытта тек бейнелеу өнері емес дизайн шығармашылық жұмыстарына да көрме арналады деп мәлімдеді кафедра оқытушылары. Бұл жерде студенттердің Отанға деген сүйіспеншіліктен туындаған кескіндеме графиктері бейнеленген.

Университеттің көркем графика саласында жарты ғасыр бойы жұмыс жасап келе жатқан Лариса Золотова өз студенттерінің жұмысы жайлы ойын білдірді:

«Қазақстан ерекше мемлекет. Біздің елде батыстың да, шығыстың да мәдениеті мен эстетикасы тоғысқан. Мені студенттер өз жұмыстарында салт-дәстүрден алшақ кетпегені қуантады. Көрмедегі шығармашылық жұмыстарда дәстүрлі мәдениет пен жаңа мәдениет біріге керемет көрініс берді».

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button