Бас тақырып

Құрметті журналистер мен медиа саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Масс-медиа қызметкерлері кү­ні­мен шын жүректен құттық­таймыз!

Бүгінгі таңда сіздердің қыз­меттеріңіз қоғамда үлкен маңызға ие. Соңғы жылдары әлемдегі технологиялардың дамуы жаңалықтар ағынын еселеп арттырды. Осы орайда көрермендер мен оқырмандарға шынайы ақпаратты жедел жеткізе білу басты қажеттілікке айналды. Сіздер күнделікті жұмыстарыңызды ат­қара жүріп, әр күннің ақпараттық бейнесін қалыптастырасыздар. Бұл үлкен кәсіби шеберлік пен қажыр – қайратты талап ететін жауапты жұмыс.

Сурет adyrna.kz

Қарағанды журналистика мек­тебінің өзіндік дәстүрі бар, оның өкілдері жоғары кәсібилігімен және қызметіне адалдығымен ерекшеленеді. Осыған байланысты өңірлік журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагерлеріне зор алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осынау айтулы мереке күні біз барлық Масс-медиа қызметкерлеріне зор денсаулық пен шығармашылық шабыт және тың жобалар тілейміз. Қоғам игілігіне бағытталған елеулі еңбектеріңіз бағаланып, қаламдарыңыз қуатты, өмірлеріңіз шуақты болғай!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button