Облыс әкіміРесми

Құрметті жерлестер!

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеліп соққан ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл – қайғы-қасірет шегіп, жазықсыз сотталып, атылған ел азаматтарын еске алып, олардың рухына тағзым ететін, мән-мағынасы терең күн. Біз ұлттық тарихымыздағы осынау зұлмат жылдарды ұмытуға хақымыз жоқ.

Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерьлеріне бес миллионнан астам адам жіберілді. Ал, кейбір мәліметтер қамауда болғандардың жалпы саны бұл көрсеткіштен едәуір асып түскенін айтады. Осы жылдары Қазақстанға түрлі халықтар өкілдерін жаппай депортациялау белең алды.

Қазіргі кезеңде біз үшін бейбітшілік пен келісімнің құндылықтарына сүйену аса маңызды. Тек, осы құндылықтар негізінде ғана біз қоғам алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шеше аламыз.

Сіздердің барлығыңызға бейбітшілік пен ашық аспан тілейміз. Еліміздің болашағы жарқын болсын!

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы

Басқа материалдар

Back to top button