Бас тақырып

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және құрметті оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі уақытта білім беруді дамыту біздің мемлекетіміз үшін басым міндет болып табылады. Осы орайда аймағымызда Жайлы мектептердің құрылысы бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. 2025 жылға дейін Қарағанды, Абай, Қарқаралы, Балқаш, Приозерск қалаларында, сондай-ақ Бұқар жырау, Шет және Нұра аудандарында 18 жаңа заманауи білім беру мекемелерін ашу жоспарлануда.

Бірінші қыркүйек – жастарымыз білім алуға ұмтылатын, жаңа ізденістерге құлаш ұратын кезең. Дана халқымыз «Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет» деп тегін айтпаса керек. Сонымен қатар бұл жастарымызға білім мен тәлім-тәрбие беретін ұстаздар мен ата-аналар үшін аса жауапты кезең. Біз сіздерге ел ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлкен парасат пен қажыр-қайрат, шыдамдылық тілейміз.

Қадірлі мұғалімдер мен оқушылар, 1 қыркүйек – Білім күні сіздерді өмірлік мақсаттарыңыздың орындалуына жетелейтін табысты кезеңге айналсын. Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі

Нұркен ҚОБЖАНОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button